Абай әділ би болған
10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлы данышпанның дүниетанымын, әдеби мұраларын зерделеушілердің бірі – филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлы. Ол тұлғаның тағы бір қыры – төбе би болғаны туралы айтып берді.
«Баршамыз Абайды ұлы ақын, ғұлама ойшыл ретiнде танимыз. «Қарамола» атты заңдар жинағының авторы екенiн екiнiң бiрi бiле бермейдi. Ұлы дала тәртiбiмен жазылған Абайдың осы Ережесi – тұңғыш құқықтық құжат. Ол 1886 жылы Қазан университетiнiң баспаханасында басылып шыққан. 1885 жылы Семей өңiрiндегi Қарамола дейтiн жерде бес дуан елдiң билерi мен аузы дуалы адамдарының Абай бастамасымен шақырылған съезiнде тасқа басылған түрi таратылып, сол жиналыста бiр ауыздан қабылданып, бекiтiлген. Ереже әдiлдiкке шақыратын, бейбiт өмiр мен тыныштықты тiлейтiн тәртiптер мен нормалар жиынтығы. Осы төтенше съезде Абай Құнанбайұлы Жоғарғы сот төрағасына пара-пар Төбе би басшылығына сайланған.
Абайдың алғыр да әділ би болғаны туралы Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «Бұл кезге шейін Абай ел жұмысына араласып жүретін шешен, алғыр, әділ би болған. Әділдігі сонша Абайға досынан гөрі дұшпаны көбірек билік айтқызған. Ірі дау болғанда патша үкіметі өзі шеше алмай әуре болған. Осындай дау тұсында ел әділетшіл билік иесіне мұқтаж болатын. Сондай би де, елдің пана іздейтіні де Абай еді».
Қазiр қоғамда қылмысты iзгiлендiру саясаты жүрiп жатыр. Ал осының бәрi Төбе би Абайдың 1903 жылға дейiн қолданылған «Шар», «Қарамола» ережелерiнде жан-жақты қамтылған», – дейді ғалым.