Өмір – өзен жылжып аққан
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде актриса, жазушы, еңбек ардагері Ұлжібек Сейдалинаның «Өмір – өзен» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Ұлжібек Сейдалина мәдениет саласында көп жыл табанды еңбек еткен жан. 1969-2006 жылдар аралығында қызмет атқарған. 1998 жылы әжелер ансамблін құрған. Аталған ұжым бүгінге дейін сахнада жүр. Қостанайдың 140 жылдығына арналған «Кім кінәлі?» киносында басты рөлді сомдап, көрерменнің ықыласына бөленгені тағы бар.
Кітаптың тұсаукесерін өткізуге ұйытқы әрі себепкер болған жергілікті мәдениет үйінің ұыжымы. Жастық шағындағы қызық сәттерін қағаз бетіне түсіруді жөн санап, екі жыл бұрын жаза бастаған алғашқы жыр шумақтары бүгінде бір кітапқа айналды.
Іс-шараға мәдениет үйінің қызметкерлері, әжелер ансамблі, Ұлжібек апаның туыстары мен құрдастары, жазушылар қатысты. Қонақтар осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, жазушыға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен көркемдік мәнін ерекше атап өтті.
Гүлім ҚАЖЫМ
Қостанай ауданы