65 көше жөнделеді

Биыл Қостанай қаласының 65 көшесін жөндеуге 3,3 млрд теңге бөлінген. Қазір 44 көшеде жұмыс аяқталды. Қыркүйек айына дейін толығымен бітіру көзделіп отыр.
"Қазіргі таңда Қостанай қаласында жолдар фрезерлеу және ресайклинг әдісімен орташа жөндеуден өтуде. Мысалы, фрезерлеу әдісімен істеліп жатқан жұмыс 90%-ке аяқталды. Дощанов көшесі ғана қалды. Жалпы, бұл жұмыстарға 3,3 млрд теңге қаржы бөлінді", – дейді қала әкімдігінің ТКШ бөлімінің статисі Шыңғыс Омаров.
Жөндеу жұмыстары кварталішілік аумақтарда да жүргізіліп жатыр. Коммуналшылар маусым соңына дейін 65 аулалық жолдарды жөндеп, жаңа тұрақжайлар салуға да жұмыла кіріскен. Қазір бұл жұмыстар 60%-ке орындалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓