Күдері Жолдыбай-ұлының кітабы шықты

Торгайдын кудери акыны copyЖақында Астананың "Фолиант" баспасынан қазақтың халық ақыны Күдері Жолдыбайұлының өлеңдерінің жинағы кітап болып жарық көрді (Тор-ғайдың Күдері ақыны. Құрастырған Мереке Нәбиұлы. Астана-2015, "Фолиант баспасы").
Бұл кітапқа Қостанай-Торғай өңіріне  белгілі   ақын, батыр, сонымен бірге күйші, әрі суырып салма шешен, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы, Аманкелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі Күдері Жолдыбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ақын туралы жазылған мақалалар, естеліктер мен әңгімелер енген.
"Торғайдың Күдері ақыны" атты кітап негізінен бес тараудан тұрады.
Таратып айтсақ, алғашқы тарауы – "Арнаулар, жырлар, өлеңдер" деп аталады. Алғаш-қы тараудан оқырмандар "Ахмет Бірімжан думаға депутат болып сайланғанда айтқаны", "Күдері ақынның көңіл айтуы", "Әлібиге хат", "Кирсектің шілені Сәдуақасов Ысмағұлға айтқаны" деген өлеңдері мен көптеген арнаулары кірген.
Екінші тарауы "1916 жыл. Ұлт-азаттық көтеріліс жырлары". Осы жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісіне арнап "Ер туды" және "Аманкелдінің   Торғай қаласына шабуылы"  дастандары, "Көздің жасы болды көл" толғауы, "Күйік көлдің басында" сияқты басқа да жыр-дастандарын шығарған.
"Күдеріні көрген, өлеңдерін естіген замандастарының жазып қалдырғандары" кітаптың үшінші тарауында берілген.
Ал төртінші тарауда ақын туралы  баспасөз беттерінде Күдері ақын туралы жария- ланған еңбектер мен мақалалар топтастырылған.
Соңғы бесінші тарауда Күдері ақынның ұрпақтары туралы мағлұматтар беріледі.
Алтай ХАМИТОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓