Сералы атындағы сын-байқау

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қостанай қаласында Қазақ КСР Халық әртісі, театр және кино өнерінің аса көрнекті актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «SERALY Film Festival» республикалық қысқа метражды көркемфильмдер фестиваль-байқауы өтеді. Бұл – еліміздің кинематографистерінің жұмыстарымен танысу, қазақстандық кинода жаңа есімдердің ашылуына және фестивальге қатысушылардың шығармашылығын жоғары деңгейге көтеруге арналған бірегей мәдени іс-шара.
Қазақстандық кино өнерін насихаттап, театр және киноматография салаларында талантты және шығармашыл адамдарды іздеп, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылғалы отырған шараның мәні жоғары. Тәжірибелік, шығармашылық идеялар алмасу және Қазақстан кинематографистерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін шығармашылық платформа құруда бұл байқаудың орны ерекше болмақ. Фестивальге ҚР азаматтары, өндірістік киностудиялар, ұйымдар қатыса алады. Фестивальге Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын, қызықты оқиғаларын, адамдары туралы баяндайтын патриотизм, адамгершілік, руханият және эстетикалық тәрбие тақырыптарында түсірілген фильмдерді ұсынуға болады.
Үміткерлер жұмыстары 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Жеімпаздар "Үздік қысқа метражды фильм", "Үздік режиссура", "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік сценарий" номинациялары бойынша анықталады. Жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Жеңімпаз туындылардың тұсаукесері Қостанай қаласында өтеді.
А.ӘБДІЛДА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓