Орақ мезгілі таяды

       Облыс диқандары келесі аптада егін орағына кіріседі. Биыл өңір диқандары 5 млн.тоннадан астық жинауы  тиіс.Бұл туралы сенбі күні өткен ауылшаруашылық кеңесінде егжей-тегжейлі сөз болды.
          Биыл көктемде облыс шаруалары 4,2 млн.гектарға дән сіңірген  болатын. Шүкір, шығымы жаман емес. Тек, ендігі міндет бітік егінді шашпай-төкпей жинап алу міндеті тұр. Бұған диқандар қауымы сақадай-сай  отыр.IMG_6573
          Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, биылғы жиын-терім науқаны оңайға соқпайды. Өйткені, екі аптадан бері аптығын баса алмай тұрған аптап ыстықтың егінге де  тигізер кедергісі зор. Алдында мамандар маусым-шілде айларының бас кезінде жауған жаңбырдан  егін орағы кешеуілдеуі мүмкін екендігін айтса, енді әуе айдалдырған ыстықтан бидай біткен тез пісіп, алды күйіп кетуі мүмкін деседі. Ол астық сапасына едәуір әсер етері сөзсіз.  Сондықтан, ораққа күні бұрын қамбанбаса болмайды.
IMG_6590
           Ауа-райы -37-38 градустан төмендемей тұрған шақта топырақтың жоғарғы қабатының қызуы 65-70 градусқа дейін жеткен. Бұл әдеттегі қалыпты жағдайдан жоғары көрсеткіш. Әзірге, облыс бойынша, егіннің 61 процентінің шығымы көңіл қуантады, Бұл көрсеткіш 2,6 млн.гектарға тең. Ал 1,6 млн.га немесе жалпы егінжайдың 39 проценті қанағаттанарлық деңгейде. Ауа-райын болжаушылардың мәліметіне қарағанда, тамыз айының соңына дейін осындай ыстық әрі құрғақ  ауа-райы сақталмақ. Тек, облыстың кейбір өңірлерінде ғана аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Мұндай ыстық 1998 және 2010 жылдары болған деседі.
          «Қазгидромет» МҚК ҚПФ директорының міндетін атқарушы Лариса Кузьмина қыркүйек айы барынша ылғалды болуы ғажап емес. Яғни, күздің алғашқы айының екінші онкүндігінен бастап жауын жаууы тиіс. Сондықтан, егін орағын созуға болмайды. Астық дымға ұрынбауы үшін оны уақыты жинап алған ләзім. Әйтпесе, қосымша шығын шығуы ғажап емес.
IMG_6600
         Облыс шаруалары науқандық жұмыстарды мезгілінде аяқтаймыз дейді бірауыздан. Оған мүмкіндік зор. Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, бүгінде жиын-терімге 11 мың техника жұмылдырылмақ. Оның үш мыңнан астамы жоғарғы өнімді шетелдік комбайндар.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов 2005-2015 жылдары аралығында  өңірдегі техника паркінің дені жаңартылғанын айтты. Дегенмен, әлі де саптағы техниканың сапасына аса мән беру қажет сияқты. Көптеген трактор, комбаиндар көнерген.
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

          Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеп, егін орағына әзірлік барысын тағы бір пысықтауды тапсырды. Оның ішінде техника паркін жаңалау да кезек күттірмейтін мәселе. Биыл Қостанайда құрастырылған 500 комбаин сатылымға шығарылады. Соны барынша өз ішімізде пайдаланған ләзім. Екіншіден, Үкімет тарапынан бөлінген несиені уақытылы қайтару керек.Өңір басшысының айтуынша, науқандық жұмыстарға қажетті жанар-жағар май қоры жеткілікті. Үстіміздегі жылғы дала жұмыстарына 75 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Жеңілдетілген жанар-жағар майдың әр литрі 96 теңгеге бағаланып отыр. «Бұл мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қамқорлық. Әйтпесе, қазір кейбір жанар-жағар май құю бекеттерінде оның бағасы 115-118 теңгеден сатылып жатыр»,-деді облыс басшысы. Тек, жұмысты жеделдеткен жөн. Сонда ғана көздеген межеден шығуға болады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓