COVID-19: +237
8 тамызда Қостанай облысында коронавирус 237 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 108, Рудный қ. – 42, Арқалық қ. – 23, Жітіқара қ. – 11, Әулиекөл және Қарасу аудандарында 9 –дан, Денисов ауданы – 8, Б.Майлин ауданы – 7, Қостанай ауданы – 6, Лисаков қаласы және Жангелді ауданында – 4, Алтынсарин және Амангелді ауданында – 3.
211 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 23 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 217 адамда ауру белгілері болды, 20 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 8 тамыз аралығында COVID-19-ды 22 815 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 20 072.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 260 894 адам, екінші компонентпен 197 539 адам вакциналанды.