Су қасиеттері

Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:
1. Иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
4. Эритроциттың жұмыс өнімділігін арттырады.
5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
7. Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.
9. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
10. Дене температурасын реттейді.
11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
12. Жүрек ауруы мен сал болу (паралич) ауруынан сақтайды.
13. Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет.
14. Су адам зейінін ашады.
15. Жұмыс өнімділігін арттырады.
16. Ешқандай жанама әсері жоқ.
17. Стресс пен депрессияны басады.
18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кетіреді, теріні жұмсартады.
19. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
22. Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.
23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
24. Салмақ қосуды жеңілдетеді.
25. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
26. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
Ал, әлемдегі ең таза су – зәм-зәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екендігі ғылыми негізде дәлелденіп отыр. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тыйым салынғанымен, зәмзәм суына тыйым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, ол қатты рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алма арасан, Қапал арасан, Сарыағаш, Жаркент арасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда.
(baq.kz)