COVID-19: +49
11 наурызда Қостанай облысында 49 адам коронавирус жұқтырды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 28 тұрғыны, Рудный қ. және Қостанай ауданында 4-ден, Денисов, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында 3-ден, Қарасу ауданында – 2, Федоров ауданында және Арқалық қаласында 1 адам індетке шалдыққан.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 6 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 11 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 11 наурыз аралығында COVID-19-ды 12973 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11630.