Телефоннан вирус жұға ма?

Еліміздің бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған пациенттерге ауруханада ұялы телефондарды қолдануға бола ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Айжан Есмағамбетованың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап. Без названия (4)Есмағамбетова өзінің жазбасында адамдардың осы мәселені түсіндіруін сұрап, оған жиі жүгінетінін атап өтті.
Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, оның шешіміне сәйкес, мобильді құрылғыларды, сағаттарды, қолға тағатын бұйымдарды және басқа заттарды "лас" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлерге пайдалануға тыйым салынады. Оның айтуынша, инфекция көбінесе дәл осы заттар арқылы жұғады.
Санитарлық дәрігер науқастарға қатысты мұндай тыйымның жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, Есмағамбетова науқастардың туыстары мен достарымен байланысуға құқы бар екенін атап өтті. Алайда бас санитарлық дәрігердің сөзінше, аурухана аумағында фото мен видео түсіруге тыйым салынған. 
Пандемия кезінде стационарларда түсірілген видеолар жиі таралып жүр. Есмағамбетованың айтуынша, кейде видеоға түсуге рұқсат бере алмайтын жағдайда жатқан науқастар да кадрдан көрініп қалады. Бас санитарлық дәрігер бұл олардың жеке өміріне қол сұғушылық болып табылатынын алға тартты. Сонымен қатар, Есмағамбетованың айтуынша, кейбір пациенттер роликтерді дәрігерлерге қысым көрсету үшін қолданады. Оның сөзінше, кейде науқастар емдеу хаттамасымен келіспей, қандай тәртіппен, қандай ем қабылдап жатқанын видеоға түсіре бастайды.Female hand holding spray and cloth for cleaning the mobile phone. Cleaning the display phone outdoors.Ал, шетелдік ғалымдар ұялы телефондарға да дезинфекция жасап отыру керек екенін ескертеді. Адам қолы вирус таратқыш рөліне қаншалық ие болса, телефон да соншалық деңгейде қауіпті болуы бек мүмкін. Өйткені зерттеулер бойынша, заманауи адам өз телефонын қолына бірнеше жүз рет ұстайды екен. Егер оны да залалсыздандырып отырмаса, құр қолды ғана жуу жұқпадан құтқармауы ықтимал. Электронды құрылғының тысында да ауру қоздырғыш микроағзалар өмір сүруі ғажап емес. Сондықтан мамандар смартфондарды адамның ешқашан жуылмайтын үшінші қолына теңейді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓