COVID-19: +279

4 тамызда Қостанай облысында коронавирус 279 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 97, Рудный қ. – 53, Арқалық қ. – 20, Әулиекөл ауданы – 19, Лисаков қ. – 16, Жітіқара қаласы және Б.Майлин ауданында – 13, Алтынсарин және Мендықара аудандарында – 11, Федоров ауданы – 10, Қостанай ауданы – 8, Жангелді ауданы – 5, Ұзынкөл ауданы – 3.
236 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 40 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 237 адамда ауру белгілері болды, 42 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 4 тамыз аралығында COVID-19-ды 21 818 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 19 451.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 252 833 адам, екінші компонентпен 186 016 адам вакциналанған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓