Бүгін еліміздегі көрікті қалалардың бірі – Қостанай өзінің туған күнін атап өтуде. Облыс орталығына биыл 138 жыл толып отыр. Мерекелік іс-шаралар кеше басталған, алайда той-думанның көркі бүгін қыза түсті.

Орталық алаңға жиналған қостанайлықтарды әуелі шаһар басшысы Базыл Жақыпов құттықтады. Сондай-ақ, ол қоларбалар керуенін тамашалады. Қаладағы барлық білім ошақтары атсалысқан шарада түрлі өнер туындыларына тап боласыз. Мұнда зымыран, алып кемелер, "ЭКСПО" қалашығы "Ханшатырды" көруге болады.

Мереке енді ғана басталды. Облыстық әкімдік алдындағы сахнада жергілікті өнерпаздар ән салуда, кешке елімізге танымал әншілер мен Ресей жұлдыздары өнер көрсетпек.