Балдырғанды қараусыз қалдырмаңыз

Соңғы бірнеше күн ішінде Қостанай облысында үш бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Соңғы 5 күн ішінде Қостанай облысы аумағында үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Зардап шеккендер небары 2, 3 және 5 жаста. Олардың барлығы ауруханада ауыр халде жатыр. Соңғы жағдай кеше облыс орталығында болды. 2018 жылы туған бала бірнеше минутқа ғана әкесінің назарынан тыс қалған», – деп атап өтті облыстық басқармада.
Терезеден құлап кету себептері бұрынғыдай: терезелері ашық пәтердерде баланы қараусыз қалдыру, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы блокиратор, шектеуіш немесе өзге қорғаныстың болмауы, терезе алдына үстел, орындық, диванның болуы.
«Терезеның қауіпсіздігін алдын ала ойластыру арқылы осныдай жағдайды болдырмау керек. Блокиратор мен шектеуіштің бағасы бірнеше мың теңгеден аспайды, ал ол болмаса балалардың өміріне қауіп төнеді», делінген хабарламада.
Қостанай облысының полиция департаменті ата-аналардан сақ болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓