Жаңа жатақхана
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық студенттерге жатақхана салуды 2022 жылға дейін шешу тапсырғаны аян. Осы орайда 2021 жылғы Елбасының Үшінші бастамасы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің 500 орындық жатақханасының құрылысы аяқталды. Құрылысқа 1,3 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Бұл жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бөлінген қаражат есебінен жүзеге асты. Жобаны іске асыру барысында 300-ден астам жұмыс орны ашылды. Жатақхана колледждің басқа қалалардан келген студенттері мен жас оқытушыларға тұрғын үймен қамтамасыз етудегі өткір проблеманы оң шешілуіне мүмкіндік берді. Жатақхананың құрылысы колледж базасында «Камаз» автоқұрастыру зауыты үшін мамандар даярлау орталығын ашумен бірге Қостанай облысында машина жасау саласын дамытудың маңызды құрылымдардың бірі болып саналады. Колледжде тұрғынжаймен қатар, оқушылардың сабақтан бос уақыттарын заманауи тренажер залында, кітапханада қызықты өткізетін болады. Сондай-ақ, жатақхана ғимаратында асхана қызмет көрсетеді.
Сайып келгенде, Қостанай автомобиль көлігі колледжі студенттерінің заманауи жатақханасындағы жайлы жағдайдың арқасында сапалы білім алуға және жоғары білікті маман болуға мүмкіндік бар.