Тәулік дерегі: +270 адам
3 тамызда Қостанай облысында коронавирус 270 адамнан табылды
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 92, Рудный қ. – 51, Арқалық қ. – 16, Лисаков қ. – 24, Жітіқара – 15, Қостанай ауданы – 14, Әулиекөл ауданы – 13, Денисов ауданы – 9, Б.Майлин және Алтынсарин аудандарында 7 – ден, Жангелді және Мендықара аудандарында 6 –дан, Федоров ауданы – 4, Қамысты ауданы – 3, Амангелді, Науырзым және Ұзынкөл аудандарында – 1.
218 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 50 адам коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 222 адамда ауру белгілері болды, 48 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 3 тамыз аралығында COVID-19-ды 21 539 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 19 148.