Жойқын жарылыс болды

Қостанай қаласындағы техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жабдық жарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері ақпарат берді.20190617141300 «17 маусым күні сағат шамамен 12-00-де Қостанайда, Лермонтов көшесі бойындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жадбық жарылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың 90 пайызы қирап, өртенді. 7 адам зардап шекті. 6 адам ауруханаға жеткізіліп, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы бір адамға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, оқиға орнында жедел штаб құрылған. Газ бен электр энергиясы уақытша ажыратылған. Өрт сағат 12,47-де сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске 98 маман мен 30 техника жұмылдырылған. Сағат 13-24-те 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓