COVID-19: +256
1 тамызда Қостанай облысында коронавирус 256 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 98, Рудный қ. – 61, Жітіқара – 19, Қостанай ауданы – 16, Қарабалық ауданы – 15, Денисов ауданы – 11, Қарасу ауданы – 10, Б.Майлин ауданы – 10, Арқалық қ. – 6, Мендықара ауданы – 4, Сарыкөл ауданы – 3, Ұзынкөл ауданы – 2, Әулиекөл ауданы – 1.
216 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 38 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 219 адамда ауру белгілері болды, 37 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 1 тамыз аралығында COVID-19-ды 21 008 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 18 742.