Тұрғындар өз таңдауын жасайды
Бүгін өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы біздің облыс тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Осы уақытқа дейін көптеген кездесу өтті. Оған қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап іздеді. Қандайда бір мәселенің шешіміне жауап тапты. Ең бастысы, ауылдық округ тұрғындары болашақта ауыл өмірін түбегейлі өзгертуге қатысты шешімдердің қабылданатындығына сенімді. Ауыл әкімдерінің сайлауы жұртшылыққа үлкен үміт сыйлап отыр. Сондықтан, біздің өңірде халықтың ауыл әкімдерінің сайлауына деген белсенділігі өте жоғары. Қостанай облысының сайлау алды кампаниясы осынысымен ерекшеленеді. Біздің өңірде ауыл әкімдігіне сайлауға түсіп жатқандардың арасында бәсекелестік өте жоғары. Олардың сайлауалды бағдарламалары да жан-жақты. Бірнешеуін көрдім. Маған ұнады. Онда ауыл мәселелері кең қамтылған.Онда құр популистік уәделер жоқ .Бәрі шынайы ойластырылған және ауыл әкімдігіне үміткерлер өздерінің қолынан келетін істі ғана орындауға уәде еткен. Тағы бір айтайын дегенім, кандидаттар арасында әйелдер де бар. Олардың түзген бағдарламалары біздің облыс тұрғындарының қызығушылығын оятары сөзсіз. Мәселен, Ұзынкөл ауданында сайлауалды шаралар ұйымшылдықпен өтті. Маған бірнеше ауданның сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын саралаудың сәті түсті. Дегенмен,Ұзынкөлдегі сайлауға қатысты шаралардың жүйелі түрде атқарылғандығын баса айтқым келеді. Бұл өңірде үміткерлермен кездесуге де адамдар көп жиналды. Аталған ауданның әкімдікке үміткерлері әлеуметтік желілерде де белсенділік танытты. Күн сайын түрлі аккаундтарда сайлау алдындағы форумдар туралы, олардың ерекшеліктері жайлы көптеген мағлұматтар беріліп жатты. Жалпы, облыс тұрғындары өз әкімдерін сайлап алуға үлкен жауапкершілікпен қарайды ғой деп үміттенемін. Өйткені, өңірде сайлауалды кампания өте ұйымшылдықпен өткізілді. Бүгін ауыл тұрғындары өздері қолдаған әкімдеріне дауыс береді деген сенімдемін.
Римма Бектұрғанова,
Облыстық әйелдер күші алянсының төрайымы.