Отыз жылдағы игі істер

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына отыз жыл толып отыр. Мерейтойлық датаға орай Қостанай облысында он екі бағыт бойынша түрлі мәдени­бұқаралық, спорттық іс­шаралар мен инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. Осы аталған игі істер туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаевтың айтуынша, биылғы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысна сәйкес жоспардың барлық бағыттары бойынша 99 803 адамды қамтыған 4 972 іс-шара өткен. Жоспар шеңберінде 65-тен астам жоба, оның ішінде қалалар мен аудандардың инфрақұрылымын дамыту бойынша 20 жоба, 15 жаңа өндірістерді іске қосу, 11 инновациялық жобаны енгізу, 9 ірі өнеркәсіптік, 20-дан астам әлеуметтік объектілерді салу бойынша арнайы жоба іске асырылатын болады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында дамудың жаңа кезеңіне «СарыарқаАвтоПром» ЖШС шықты, онда KIA, Lada автомобильдерінің өндірістік желісі іске қосылды. «АгромашХолдинг KZ»АҚ бизнес-инкубатор базасында оқшаулау орталығы ашылды. «Елбасының 5 институционалдық реформасын» іске асыру шеңберінде Әулиекөл ауданында 365 абонент үшін 123 шақырым газ тарату желісі іске қосылды. Медицина колледжі мен автомобиль көлігі колледжі үшін жаңа жатақханалар ашылды.
Маңызды өңірлік жобалар да баршылық. Мәселен, Жанкелдин ауданында Ақкөл мен Қарасу ауылдарының арасында, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап тұрғындар күткен Ұлы Жыланшық өзені арқылы көпір ашылды. Қостанай және Арқалық қалаларында сауда орталықтары мен супермаркеттер салудың арқасында 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың 5­шілдесінде Қостанай қаласында толық емес және көп балалы отбасыларға, жетім балалар мен мүгедектерге 120 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Осының барлығы әрбір қала мен ауданда Тәуелсіздік жетістіктері туралы естелік із қалдыратыны сөзсіз.
­Біз биылғы жылды Ұрпақтар сабақтастығы жылы деп белгіледік. Осыған байланысты идеологиялық тұрғыдан маңызды жобалар қолға алынып, іске асырылуда. Мысалы, облыстың барлық өңірлерінде бірнеше ұрпақтың туған жерге қосқан үлесінің символы ретінде «Тәуелсіздік аллеясын» ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде Тәуелсіздік аллеясы 4 өңірде: Рудный қаласында, Науырзым, Қарасу және Ұзынкөл аудандарында ашылды,­деді Марат Кенжебекұлы.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік аллеяларын ашу жұмыстары Аманкелді, Алтынсарин, Б.Майлин, Денисов, Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара, Жітіқара, Федоров, Әулиекөл, Жітіқара, Жанкелдин аудандарында, Арқалық және Лисаков қалаларында басталды. Аллеялармен қатар Қазақстанның тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің нышаны ретінде облыстың қалалары мен аудандарының орталық алаңдарында мемлекеттік Тулардың тутұғырлары орнатылып, ашылады.
­Тәуелсіздіктің құрдастары биыл 30 жасқа толды. Олар егемен елде туып-өскен, ашық санаға ие. Олардың дүниетанымы мен өмір салты мүлдем басқа. Олар үшін Тәуелсіздік – аксиома. Бұл – жастардың санасында егемендік ұғымының орнығуын айғақтайтын қалыпты құбылыс. Алайда, Тәуелсіздіктің құндылығын түсіну өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы үшін, олар бізге қандай бағамен келгенін білуі керек, деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев.
Суреттер өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓