Қыс қайта бастала ма?
"Қазгидромет" үш тәулікке арналған ауа райы болжамын осылайша жасап отыр. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде сынап бағанасы күрт төмен сырғуы мүмкін.
"Аномалиялық жылымық ауа райы тұтас елде осы уақытқа дейін сақталып келді. Енді таяу үш тәулікте Батыс Сібірдің шығыс аудандарында орныққан биіктіктегі циклон ықпалымен Қазақстанның аталған аймақтарында жаңбыр жауып, түнемелік ылғалды қар ұшқындауы кәдік. Температура 5 градусқа дейін төмендеп, күндіз сынап бағанасы 9-15-ке көтерілмек. Мұндай жайт араға көп жыл салып қайталанайын деп тұр. Ал, енді Қазақстанның өзге өңірлерінде де қысқа мерзімді нажағайлы жаңбыр өткенімен, ауа температурасында анау айтқандай өзгеріс күтілмейді",-дейді "Қазгидромет" АҚ мамандары.
Бұған дейін мамандар күннің наурыз айында ысуы соңғы рет 1880 жылы болғанын айтқан-ды. Метеоқызметтің ақпаратынша, аномалиялық жылу ауа температурасының климаттық межеден 2-8 градусқа асып, Орталық Азиядан келетін интенсивті жылудың нәтижесімен болған.