Дәрімен қамту тұрақты

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндеті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қауіпсіз дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте халықты қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар республикалық бюджет қаражаты есебінен Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова баяндап берді. Айтуынша, стационарлық деңгей үшін дәрілік заттар медициналық ұйымның дәрілік формулярына сәйкес сатып алынады. Былтыр 53 медициналық ұйымға стационарлық емдеу үшін 5,5 млрд теңге сомасына дәрілік заттар тиелген, оның ішінде КВИ үшін қосымша өтінімдер бойынша 988 млн теңге бөлініпті.
– Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 6,6 млрд теңге сомасына дәрілік заттар жазылды. 160 мыңнан астам адам қамтамасыз етілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық мәслихаттың шешімі бойынша орфандық аурулары бар 18 пациент 41 млн теңгеге дәрілік заттармен, таңу материалдарымен, мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілді. Биыл медициналық ұйымдар стационарлық емдеу үшін, оның ішінде КВИ-ден емдеу үшін 5,99 млрд теңгеге дәрілік заттар сатып алды. Дәрілік заттар кесте және медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша жөнелтіледі, – деді А.Бексұлтанова.
Биыл амбулаториялық қамтамасыз ету үшін 8,7 млрд теңге сомасына дәрілік заттарға, оның ішінде ТМККК шеңберінде 530 атауға 7,4 млрд теңгеге, ересек тұрғындар үшін МӘМС шеңберінде 163 атауға 1,1 млрд теңге сомасына, балалар үшін МӘМС шеңберінде 200 млн теңге сомасына 202 атауға қажеттілік бар.
Өткен кезеңде 5,9 млрд теңге сомасына немесе жылдық көлемнің 67% дәрілік заттар тиелген. 4 млрд теңге сомасына 126 мың адам қамтамасыз етіліпті. Алдыңғы жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пациенттерді тегін препараттармен қамтудың ұлғаюы байқалады.
– Апта сайын КВИ және ЖҚҚ емдеу үшін негізгі дәрі-дәрмектер қорының болуына мониторинг жүргізіледі. 57 медициналық ұйымда негізгі препараттар бойынша негізгі дәрі-дәрмектер қоры бар. Атап айтқанда, стационарлар үшін – антикоагулянттар, антибиотиктер, гормондық препараттар, бронхолитин, амбулаториялық пациенттер үшін (медициналық көрсеткіштер бойынша) – ыстықты түсіретін, таблеткаланған антикоагулянттар. Жеке қорғаныс құралдарының қоры – 64 мың бір реттік костюм, 6,5 мың көп реттік костюм, 1,7 млн маска, 711 мың қолғап, қолды өңдеуге арналған 6,0 мың антисептик. Медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда, – деді басқарма басшысының орынбасары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓