Сібір жарасы: салдары жойылды

«Ветеринария басқармасының басшылығы және бақылауымен Денисов ауданының ветеринариялық станциясы тарапынан індет ошағынан аурудың таралуын болдырмау мақсатында дер кезінде қажетті шаралар қолданылды. Арнайы инсинераторларда өлекселерді өртеу, малдарды қамайтын орындар мен өлген жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың 03 шілдесінен бастап індет ошағында облыстық және аудандық ветеринариялық инспекцияның бақылауымен «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың» Қостанай филиалы індетті жоюдың барлық іс-шараларын атқаруда. Бүгінгі таңда, Денисов ауданы әкімдігі мен «Алтай» ЖШС күшімен барлық 4 мал базасы мен маңайындағы аумақтарда механикалық тазарту, қабырғаларды, азық кертелерін ақтау жұмыстары аяқталды», – делінген хабарламада.

«Денисов ауданының басқа елді мекендерінде, жалпы Қостанай облысының аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты. 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап індет ошағында малдардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ, жағдай тұрақталды. Вакцина егілген малдар ветеринария мамандарының бақылауында, малдардың жағдайы қанағаттандырарлық. Індет жойылғаннан кейін және қортынды дезинфекция жүргізілгесін 15 күн өткесін карантин алынады», – дейді басқарма өкілдері.