Сайлауға сақадай сай

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесінде Арқалық қаласы бойынша: Көктау, Аңғар, Восточный, Жаңақала, Екідің ауылдарының әкімдері сайланады.
Арқалық қалалық Сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетовтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда ауыл әкімдерінің сайлауына 14 кандидат тіркелген. Оның ішінде: өзін – өзі ұсынған 8 кандидат, «Nur Otan» партиясынан 5 кандидат, Қазақстанның Халық партиясынан 1 кандидат ұсынылған.
Сайлау туралы ақпарат пен сайлау комиссиясының ресми құжаттарына еркін қол жеткізуге болады. Қала әкімінің сайтында Қаулылардың мәтіндері, күнтізбелік жоспар, комиссиялардың құрамы туралы хабарламалар, округтердің шекаралары, кандидаттар туралы хабарламалар орналастырылған.
Өзін-өзі ұсынғандар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 % – ін жинауы қажет. Қазіргі уақытта өзін – өзі ұсынған кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың сенімділігі тексерілуде.
Бес ауыл бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 1263 адам. Сайлауға: 25 адамнан тұратын 5 учаскелік комиссия және 7 адамнан тұратын аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Сайлау учаскелері материалдық – техникалық барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓