Сойылған малдардың сүйек-саяғы далаға төгілген
Тобыл қаласының маңындағы полигонға жақын орналасқан тұрғындар қаны сорғалаған сүйек-саяққа лап қойып, оларды қап-сөмкелерімен тасып әкеткен. Бұл жағдайға облыстық KazEcoPatrol ұйымының белсенділері куә болыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Экологтар құзырлы органдардан Қостанай, Тобыл қалаларындағы, Заречный кентіндегі сорақылықты, яғни санитарлық нормаларды өрескел бұзу деректерін назарға алуды өтінді.


— дейді экобелсенділер.

Фотосуреттер осы жылдың наурыз, сәуір айларында түсірілген. Дегенмен әлі күнге дейін бұл деректер бойынша әкімдік те, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері де, ветеринария басқармасы да ешқандай түсініктеме бермеді.


Фото: KazEcoPatrol