Жаса, жайна, елорда!
Мен қостанайлықпын. Астықтың астанасынан елдің астанасына 2015 жылы келдім. Әуелде өз өңіріміді сағынып, елордаға сіңісе алмағаным рас. Бірақ, бас қаланың басты ерекшелігі – мұнда тұтас республиканың барлық аймағынан, түпкір-түпкірінен жиналған халық көп. Олардың бәрі елордаға арман қуып, сәулелі үміттің соңынан ілесіп келеді. Мен де сол қатарданмын.
«ҚазМедиа» деген БАҚ-тың үлкен шаңырағы бар. 24 сағат есігі бір жабылмайды. Қайнап, күйіп жатқан жұмыс. Сол жерде тілшілік етіп жүргеніме, міне, 6 жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында елордамыздағы талай тарихи оқиғаларға журналист ретінде куә болдым. Әлемнің көшбасшылары, сақа саясаткерлері жиналып, салмақты саммиттер, келелі кездесулер өткізіп, тараптар арасында бітімгерлік, ынтымақ аясында келіссөздер жасады. Нұр-Сұлтан қаласы дүниежүзілік аренада статусы биік мінберге айналды. Олимпиада, «Экспо» сияқты мәдени-спорттық һәм рухани бағыттағы ең ірі, ең жоғары деңгейдегі жаһандық шаралар осы елордамызда лайықты деңгейде өтті. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы қарыстап емес, қарыштап дамып жатыр. Жыл сайын миллиондаған шаршы метр баспана, түрлі зәулім ғимараттар салынуда. Қателеспесем, екі жыл бұрын халық саны мұнда миллионнан асты. Елорда мегаполиске айналды.
Қорыта айтқанда, Нұр-Сұлтан – аймақтардан ағылып келген адамдардың армандары астасатын, тілектері тоғысатын барша қазақстандықтың ортақ қаласы. Нұр-Сұлтан – Орта Азия ғана емес, басқа да алыс-жақын елдер сүйсінетін, келгісі келетін жас қала.
Жасап, жайнай бер, елдің ордасы!

Азамат Нұғманов,
"Qazaqstan" РТРК" АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

дирекциясының аналитик-тілшісі