Арқалықта осындай атаумен Елорданың 20 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
Шараға жиналған халықты қаланың жаңа әкімі Эльдар Күзенбаев және қала жастарының көшбасшысы Ақбота Кәдірбек құттықтады.

Қала басшысы Эльдар Қонысбайұлы «Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты, көп жылғы адал еңбегі үшін «Астана – 20 жыл» мерекелік медалін зейнеткер Төлеухан Әбжамалға, «Тазарту-Арқалық» ЖШС директоры Әлиакбар Қасымовқа салтанатты түрде табыс етті. Мекемелер мен ұжымдардың еңбек майталмандары қала әкімінің грамоталарымен марапатталды.
Қала көркемөнерпаздары өнерлерін тарту етті.
Мұрат Жүнісұлы