Заманға қарай бейімделу – бүгінгі күннің талабы

гулжанат"Жұмыспен қамту–2020 жол картасы" бағдарламасының жемісін Науырзым ауданының тұрғындары көріп келеді. Осы орайда  Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлжанат Тазибековамен сұхбаттасқан едік.
– Гүлжанат Төлеуқызы, бүгінде мемлекеттік бағдарламаға үкіметтен қаражат бөлінуде. Науырзым ауданында қаражат қалай игерілуде?
– Бүгінде жұмыссыздар санын азайту, оларды тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу мақсатында түрлі шаралар жүргізілуде. Аспазшы, шаштараз, слесарь мамандығы бойынша 10 адам қайта даярлаудан ақпан айында өтті. Бұған  1 537,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Біліктілікті арттыру бухгалтер мамандығы бойынша курстан екі маман өткен еді. Бұған 106,0 мың теңге бөлінді. Арнайы курсты оқып шыққандар кейін жұмысқа орналастырылды. 1 қыркүйектен 10 адам мамандықтарын шыңдауға жіберілді. Олар бухгалтер, аспаз, көлік жөндейтін слесарь, құрылыс жұмысының шебері және шашатараз мамандығы бойынша оқып жатыр. Бұл салаға 1 869, 0 мың теңге жұмсалады. Оқып жатқандарға стипендия, тұрғылықты жері мен жол ақысы да қоса төленеді.
Бағдарламаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту  арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болса, екінші бағыты – кәсіпкерлікті дамыту арқылы, жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту ар-қылы жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Ал, үшінші бағыт – экономикалық даму деңгейі төмен ауылдарда отырған жандарды жұмысы мен жалақысы бар қолайлы жерлерге қоныс аударуына жағдай жасайды. Біздің ауданда да аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өткен жылы біраз жұмыс атқарылған. Аудандық жұмыспен қамту орталағы арқылы өткен жылы бірінші бағыт бойынша  47 жұмыссызды жүргізілген құрылыс жұмыс орындарына орналастырды.
– Бүгінде кәсіппен айналысамын дегендер үшін көп көмек берілуде. Осы мүмкіндікті қолданғандар саны артып келе ме?
– Ауылда тұратын адамдарға ыңғайлысы бағдарламаның екінші бағыты. Олардың тұрмысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағдарлама дәнекер болатыны анық. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 53 бизнес жоба қабылданды. Соның 35-і мақұлданып, ауылда мал басын көбейтіп, өзге де кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашты. Осылайша олар шағын ісін кеңейтуге несие алып, табыстарын арттыруда. Бағдарламаның осы бағытын дамыту үшін 73 млн. 100 мың теңге игерілді.  Бүгінгі күні несие  алған отыз бес  адам түрлі саладан танылуда. Бірі мал шаруашылығын дамытса, енді бірі наубайхана ашып, бір үміткер көкініс өсіріп, монша салып, тіптен дәріхананы кеңейтуге бастама алып, өз өмірлерін өзгертуде. 
– Заманға қарай бейімделіп, жаңа мамандықты игеріп жат-қандар қазір ұтпаса, ұтылып  жатқан жоқ.
–  Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 2 945,0 мың теңге бөлінген болатын.   32 адам жұмысқа орналасты. Бірақ солардың қатарынан 10 адам тұрақты еңбек етуде.  Олармен келісім-шарт ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Ал жастар тәжірибесіне 2 300,0 мың теңге бөлінген. 19 жас жұмысқа тұрып,  7-і тұрақты жұмыс орнында еңбек етуде. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 207 адам жұ-мысқа тұрды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша атқарылған жұ-мыстар жайын айтар болсақ, өткен жылы бағдарлама аясында 10 адам қайта даярлау курстарынан өтіп, тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Мектеп бітіріп кәсіптік білім алуғу 15 адам  жіберілді. Жастар тәжірибесі бағыты бойынша 25 адам бірінші жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар тәжірибесін жиырма бес түлектің ішінен он үш қатысушы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл бағдарлама үшін республикалық трансферттен  2680,0 мың теңге қаржы бөлініп толық игерілді.
Сондай-ақ,  кезекте тұрған  жұмыссыздарды  жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына өткен жылы отыз екі жан жұмыспен қамтылды. Бұл бағытқа 2269,0 мың теңге  бөлініп жыл аяғында толық игерілді. Жалпы, халықты жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздарды еңбекпен қамту, жастар тәжірибесі, мүгедек жандар мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған барлық іс-шаралар өткен жылы Науырзым  ауданында  толық жүзеге асырылды. Биылғы жыл-ға қойылған мақсаттарды да то-лық игеріп, тұрғындар үшін  көме-гіміздің көп  тиетініне  сенемін.  Елбасы биылғы Жолдауында да шағын және орта бизнестің дамуына жол ашу керектігін айта кетті. Осы орайда жұмыссыздықпен күрес, халықты еңбектенуге шақыру жақсы бастама деп ойлаймын.  
Науырзым  ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓