Картоп егіп, кәсібін дамытты

Бүгін біз бағдарламамыздың қатысушысы Қайрат Құлманов туралы сөз қозғаймыз. Қайрат Жұмақанұлы еліміздің азаматы, осында туып өскен. Өмірінде жеке кәсіпкер боламын деген ой тумаған еді, бірақ тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасып, өркендеп келе жатқан жылдарында, жеке ісі туралы ойлана бастады. Үнемі "оны қалай бастау керек?" деп ойланатын. БАҚ-да "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасы туралы оқып, қабырғасымен кеңесіп, тәуекелге бел буып, жеке іспен айналысуға шешім қабылдады. Қайрат көкөніс өсіруге ниет білдіріп, оның ішінде картоп өсіру кәсіпкерлігі бойынша ұсыныс арызын берді. Бастапқыда ол бағдарламаның шағын кәсіпкерлікті жүргізу бойынша міндетті оқыту курстарынан өтті. Бұл курстарда "Жұмыспен қамту–2020" бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ашқаны туралы ақпарат алды. Жарты жыл ішінде барлық құжаттары рәсімделіп, мақұлданды және Қайрат Жұмақанұлы өз кәсібін ашуға 2,6 млн. теңгенің иегері атанды. Алынған қаражатқа қартоптың розалинд, ред скарлетт, гала 3 түрінің тұқымын алуға жұмсады. Қазіргі таңда ағамыздың ісі алға басып келеді, алда үлкен жоспарлар күтіп тұр.
Былтырғы жылы Науырзым ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" бағдарламасы бойынша 75 млн. теңгеге несие берілді, 9 жаңа өндіріс ашылды, 28 қатысушы мал шаруашылығын дамытуға, 1 адам өз кәсібін ұлғайтуға несие алды.