ОТАНДЫҚ ТАУАРДЫ САТЫП АЛ!

Бүгінде Президенттің бастамасымен «Қазақстанда жасалған» акциясы жер-жерлерде өткізіліп жатқаны белгілі. Шара Рудный қаласында жалғасын тауып, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдер алдыңғы лекке жайғастырылған болатын. Жуырда шаһардағы ең ірі «Меркурий» супермакеттер желісі де акцияға өз үлесін қосты.ca517c10e09d137f559e44fc8f892962_XL
Бұрынғыдай емес, қазіргі таңда аймағымызда халықтың сұранысын қанағаттандыратын азық-түлік өнімдерін өндірушілер баршылық. Бірақ осы күнге дейін олардың жарнамасы жарымай, дүкен сөрелерінде лайықты орнын таба алмай келді. Қолға алынған республикалық акция отандық өнім өндірушілердің саудасын жүргізіп, табысын еселетуге зор мүмкіндік бергені сөзсіз. Рудныйлық «Меркурий» супермаркеттері тәулігіне мыңдаған адамға қызмет көрсетеді. Мұндағы азық-түлік өнімдерінің ассортименті бай. Дүкендегі «Қазақстанда жасалған» деген атаумен пайда болған арнайы сөрелерге халықтың қызығушылығы басым.f3ff818ec61091205b278d29a84
– Жергілікті кәсіпкерлеріміздің шығарған өнімдері өзгелерден асып түспесе, еш кем емес. Бағасы көңілгі қонымды болғандықтан ет, сүт, макарон өнімдерінен бастап тәттіге дейін қазақстандық тауарды тұтынамыз, – дейді қала тұрғыны Нұрбану Орынқожаева.
Елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосатынын осылайша тұрғындар да ұғынып отыр. Айта кетерлігі, отандық тауарлардың бәсекелестерден артықшылығы – оның бағасында ғана емес, сапасында. Тікелей өндірушілерден әкелінетін тауарлар тұтынушыларға мерзімінде жеткізіледі. Сондықтан сауда орталығында «Қазақстанда жасалған» деген белгімен жұмыртқа, тауық еті, ет, сүт өнімдері, әртүрлі шырындар мен газды сусындар, кондитерлік өнімдер де кең сұранысқа ие болуда.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Иранда халықтың 67 пайызы елінен шыққан өнімді пайдаланғанды артық санайды. Іргелес ресейліктер тұтынатын тауарлардың 44 пайызы мемлекеттің өз ішінде дайындалғандар. Француздардың 95 пайызы «Францияда жасалды» деген таңбасы бар азық-түлік пен көлікті сатып алуды өздерінің азаматтық парызы деп түсінеді. Қытайда да халықты отандық тауарларды тұтынуға үгіттеуде. Мұнда өз өнімдерін шығарып, онымен ауылдық жерлерді қамтығандарға салықта жеңілдіктер жасалып, субсидия бөлінеді екен. Болашақта «Қазақстанда жасалды» деп жазылған тауарлар мен азық-түлікті еліміз ғана емес, әлем халықтары тұтынатын күнге де жетерміз. Өтіп жатырған акция соның алғашқы баспалдағы болады деген пікірдеміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓