Қостанайдан Қытайға

Соңғы 5 жылда Қостанайдан Қытайға экспортқа 19 мың тонна темір рудасының концентраты жіберілді. Бұл туралы Лисаковск қаласының әкімі Алмат Ысмағұлов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.postavky-zheleznoj-rudyiЖалпы, былтыр Лисаковск қаласының өндірістік кәсіпорындары 38 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл – соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Тау-кен өндірісі 30 млрд теңгенің өнімін шығарды. Аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Боксит өндіру де 3%-ға өсіп, соңғы үш жылда жалпы көлемі 10%-ға артты. Дегенмен, кей өндіріс ошақтарының көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Қала әкімінің сынына ұшыраған «Өркен» ЖШС бар болғаны 450 мың тонна темір рудасын өндірген.
«Әзірге мақтанарлығы, серіктестік соңғы бес жылда бірінші рет Қытай нарығына 19 мың тонна темір рудасы концентратын шығарды. Басқа жағы бәсеңдеп жатыр. Соны қолға алу керек. Негізі, темір өндіру саласының дамуына индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар айтарлықтай үлес қосты. Мысалы, «Лисбум», «КБК-2015», «Спецстальконструкции» компаниялары өз өнімдерінен 500 млн теңге пайда тапты», – деді қала әкімі.
Лисаков әкімінің сөзінше, 2018 жылы өңірде 660 тонна темір концентраты өндірілмек. Бұған қоса қаладан шыға берістегі темір жол рельстері жаңарады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓