Ел үміті – сайлауда
Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында берілген тапсырмасын іске асыру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленді. Осы жылы 24 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Шынында да, тәуелсіздік жылдарында азаматтардың саяси мәдениеті жаңа деңгейге көтерілді. Жергілікті жерлерде әкімдердің тікелей сайлауын енгізу еліміздің саяси жүйесін жаңғырту нәтижелерін нығайтуға мүмкіндік береді.
Әкімдердің сайланбалылығы бұрын да болған, бірақ ол тікелей емес еді. Әкімдерді мәслихаттар сайлады. Енді «Сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес азаматтардың өздері аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлайтын болады.
Әкім лауазымына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар ұсына алады. Сондай-ақ, аудан әкімі кандидаттарды ұсыну құқығына ие, бірақ ол оны ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылған жағдайда ғана. Азаматтардың өздері әкім лауазымына өз кандидатураларын ұсына алатыны да маңызды. Ол үшін олар аудандағы сайлаушылардың бір пайызынан қолдау үшін қол жинауы керек.
Сайлауды өткізу процесі Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес өтеді. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі үш күн ішінде қорытынды шығарылады.Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркеп, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі.Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.