Оркестрге күйші есімі берілді
Қостанайдағы Жастар сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай "Сәлем саған, туған ел" деген атауда Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 2020-2021 жылғы маусымының жабылу кеші өтті.

Атаулы кешке облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, облыстық филармонияның солистері және Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген қонақтар қатысты.








–Ел Тәуелсіздігін мерекелеу және Елордамыздың туған күні қарсаңында осындай тамаша кеш өтіп отыр. Бүгінгі шараның бірден-бір ерекшелігі – бүгіннен бастап Тәуелсіздік жылдарында филармонияның қабырғасында негізі қаланған қазақ халық аспаптары оркестріне дарынды дирижер Назымбек Молдабекұлының есімі берілді. Бұл ұлттық өнеріміздің шынайы жанашыры болған елдің азаматына деген құрмет деп білеміз, – деді Ерлан Болатұлы.

Шара барысында санитарлық талаптар толығымен сақталды.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Иван ИВАНОВИЧ