Жан серігі – домбыра

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен қабылданған еді. Бұл мерекені әр жылы шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өту шешімі қабылданды.
Бүгін, Ұлттық домбыра күні қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында отставкадағы полиция подполковнигі, танымал композитор Қалибек Деріпсалдиннің ұлы Ерболмен кездесу өтті. Ол сұқбат барысында музыкаға және өнерге деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі. 
Ербол Деріпсалдин академияның тілдер кафедрасының аға оқытушысы болып жүріп құрметті демалысқа шықты. Ол "Қазақ тілі", "Кәсіби қазақ тілі" пәндерінен дәріс оқыды. Ол 15-тен астам ғылыми мақала және 8 оқу-әдістемелік құрал шығарды.
Ол қызмет кезінде есінде қалған ең жарқын сәттер Академияның домбыра ансамблінің құрамында өнер көрсеткен кездерімен тығыз байланысты екенін айтады. Аталмыш ансамбль облыс көлемінде ғана емес, ел жүзіне танымал. Бірнеше мәрте республикалық деңгейдегі фестивальдерде топ жарған.
"Домбырада ойнауды өз бетіммен үйрендім, – дейді Ербол. – Әкеме қарай отырып, оған еліктеп, үлгі алып, оның мақтан тұтар лайықты ұлы болуға тырыстым. Қазір түсінгенім, музыкалық білім бәрібір қажет, сондықтан қызым музыкалық мектепке оқуға түсті, ол да ұлттық аспапты үйренуде".
Ол қолынан ешқашан қара домбырасын тастаған емес, туыс-туғандарымен және дос-жарандарымен дастархан басында кезікккен сайын күмбірлетіп күй тартып, әсем әндерді сүйемелдеп отырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓