Қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті
Жаңа оқу жылының қарсаңында басталып, жалғасқан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңында өз мәресіне жетті.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу мақсатында көмек қолын созу.
Шара шеңберінде атқарылған істер көңіл көншітерлік. Биылғы жылы "Балаға мейірім сыйла!" ұранымен өткізілген акция аясында аудан бойынша 184 балаға 1 406 725 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Аудан әкімі мен аудан жұртшылығы бастаған бұл игі шара жыл сайын өз ауқымын кеңейтіп, жанашырлар да көбею үстінде.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.