Екі адамды өлтіріп кетті
Қостанайда 17 қазанға қараған түні оқыс оқиға орын алды. Дружба көшесіндегі №26 үйдің бірінші қабатындағы пәтерде белгісіз біреулер екі адамды пышақтап, айуандықпен өлтіріп кетті. Орталық базарда сатушы болып істейтін 56 жастағы әйел 84 жастағы анасымен бірге тұрған. Бұдан бұрын да бұл пәтерге ұры түскен екен. Полицейлер сол үйдегі пәтерлерді аралап, тұрғындардан жауап алып, тергеу іс-шараларын жүргізуде.