Жоғалған оқушы табылды
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Эвелина Семенова 24 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен. Ата-анасы қызынан хабар алмаған соң, полицияға жүгінді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер оқушының тұрған жерін анықтады. Ол өзінің танысының үйінде болған. Қаланың ювеналды полициясының қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді, материалдар қала әкімдігінің комиссиясына берілетін болады. Оқушы бұған дейін үйінен кетпеген», – делінген полицияның хабарламасында.