Уақытынан оздырмау керек

Алдағы уақытта Қостанай қаласында "Қамқорлық" бастамасы аясында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аутизмі және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға арналған орталық, сондай-ақ "Белсенді ұзақ өмір" бастамасы аясында инклюзивті қоғамды дамыту мен зейнеткерлік жастағы адамдарды қолдаудың жүйелі шаралары және оларды қоғамға тартуға бағыттал-ған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов демалыс күні Пушкин көшесінде орналасқан аталған ғимаратты қарап шықты. Нысанға күрделі жөндеу қажет. Екі қабатты ғимарат 1978 жылы салынған, жалпы ауданы 2177,3 шаршы метрді құрайды. Бұл бастамалар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр.
Қажеттілігін ескере отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
Сондай-ақ, "Аэропорт" шағын ауданындағы жалға берілетін №19-20-21 үйлердің құрылыс барысын тексерді. Бұл үйлер пайдалануға берілгеннен кейін 108 пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған өкілдеріне берілетін болады. Қазіргі уақытта қазаншұңқырды әзірлеу аяқталған, жылумен жабдықтау және кәріз желілері бөлшектелді. Жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аймақ басшысы Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓