Бұрынғыдан өзгерек
Өткен аптаның аяғында Қостанай қаласындағы орта білім беру ұйымдарында мектеп дәстүрлерін сақтау және насихаттау, білім мен білімнің құндылығын, патриотизмге тәрбиелеу мақ-сатында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада жалпы орта білімді аяқтау бойынша аттестаттарды табыстауға арналған "Тәуелсіздік ұландары" атауымен іс-шаралар болып өтті. Биыл салтанатты жиын "Тәуелсіздік ұландары" атауымен өтіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Тұжырымдамаға сәйкес, іс-шаралар аясында "Алтын белгі" және ерекше үлгідегі аттестаттар иегерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Бүгінгі күні қала мектептерінің қабырғасынан 1 140 түлек бітірді. Оның 35-і "Алтын белгі" төсбелгісінің иегері, 42-і ерекше үлгідегі аттестат алды.
Айта кету керек, пандемияға байланысты түлектер кеші тек салтанатты шара ретінде өтті. Бұрынғыдай қымбат сәнді көйлектер киіну, мейрамханаларда тойлау үрдісі болған жоқ.