Әлеуметтік көмек алаяқтарға көрсетілмейді!

Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенованың баяндамасын тыңдады. Бұл жайында облыс әкімі өзінің инстаграм парақшасында жазды.

« Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілгені сіздерге мәлім, оның арқасында күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегі 50%-тен 70%-ке дейін артты.

Мәселен, облыста 9 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады. Оның ішінде 7 мың адам шартты ақшалай көмектің алушылары, яғни отбасында еңбекке қабілетті адамы бар. 

аким-3

Сонымен қатар, қазіргі таңда АӘК алушылары ауданы 100 шаршы метрден асатын үйлері бар екені анықталды. Ондай алушылар Қостанай және Арқалық қалаларында тұрады. Қазіргі таңда аталған алушыларға АӘК төлеу тоқтатылды.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларының арасында 2018 жылы табыстары 10 млн. теңгеден асқан алушылар анықталды. Осындай фактілер Қостанай, Арқалық қалаларында және Қостанай ауданында тіркелді.

аким-2

АӘК заңсыз тағайындауға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар көмек алушылардың барлығына мониторинг және талдау жүргізілуде. 
Облыстың барлық өңірлерінде құрамына мемлекеттік кіріс, ішкі істер органдарының, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің қызметкерлері және қоғамдық кеңестердің мүшелері кірген жедел жұмыс топтары құрылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓