Зираттар маңы тазартылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы “Қамқор-Шарапат” салттық қызмет көрсету орталығы құрылғаннан бері көптеген игі бастамаға ұйытқы болып келеді.
Облыстық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдегендей, мамыр айының соңғы күндері олардың ұйымдастыруымен бүкіл елімізде зираттарды қоқыстардан тазалау жұмыстары атқарылды. Бұл бастаманы Қостанай өңіріндегі мешіт имамдары мен жамағат та қолдады. Осындай ұйымшылдықтың арқасында зираттар басы қалыпқа келтіріліп, жүрегінде иманы бар кісілер көпшіліктің алғысына бөленді. Мәселен, Арқалық, Рудный қалалары мен Сарыкөл, Амангелді, Меңдіқара аудандарындағы мешіт имамдары зират маңын тазалау акциясына белсене қатысқан жамағаттарға түскі ас беріп, моншаға түсу мәселесін қолға алды.
“Аруақ риза болмай, тірі байымайды” демекші, дін қызметкерлерінің бұл ісіне ауыл тұрғындары да дән риза болып, алғыстарын жаудырды.
Бексұлу ИСЛАМ,
ҚӨУ 2-курс студенті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓