Ипотека мөлшерлемесі – 2%

2 проценттік мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека шілде айынан беріле бастайды. Көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы үшін Қаржы министрлігі екі аптаның ішінде қаражат аударуы керек. Бұл туралы "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы айтты, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. тургын уй"Республикалық бағдарлама 1-2 аптаның көлемінде іске қосылады. Бизнес үдерістері пилоттық жоба кезінде тексерілді. Біз толығымен дайынбыз. Ипотека 2 процент жылдық мөлшерлемемен беріледі. Алғашқы жарна – баспана құнының 10 пайызы. Қарыз ең көп дегенде 15 млн теңгеге беріледі. Өтініш пен құжаттарды арнайы портал арқылы өткізеді. Ипотека алған адамның аты-жөні ашықтық үшін банктің сайтында жарияланып тұрады", – дейді ТҮҚЖБ АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Бұл пилоттық режимде Алматы қаласында іске қосылып, 98 отбасы баспаналы болған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓