Тығырықтан шығар жол – бұл емес!

Суицид, яғни өз-өзіне қол салу – ислам дініне жат әрекет. Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы діннің осы төңіректегі ой-толғамдары мен шектеулері жайында Бейімбет Майлин ауданы оқушыларына кең көлемде айтып берді.
Кездесуге келген жастар мен ұстаздар арнайы ауданға келген Бас имам мен наиб имам Әлішер Ертайұлына өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, тұшымды жауап алуға тырысты. Дін өкілдері мұндай жиынды екі мектепте өткізгенін айта кеткен жөн. Кездесу соңында мәртебелі мейман мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестті ойдағыдай тапсыруларына сәттілік тілеп, батасын берді.
Нұрсұлу Алмат,
ҚӨУ 2-курс студенті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓