COVID-19: +39
1 маусымда Қостанай облысында коронавирус 39 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 18, Рудный қ. – 7, Қарабалық ауданы – 5, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарында 3 адамнан, Арқалық, Жітіқара, Мендықара ауданында 1 тұрғыннан індетке шалдықты.
27 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус расталған байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 1 маусым аралығында COVID-19-ды 15790 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14971.