Ashyq көшбасшыларына жеңілдік бар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жобасы көшбасшыларына бірқатар жеңілдік берілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жобаны енгізудің оң әсерін ескере отырып, «Атамекен» ҰКП-мен бірге жоба көшбасшыларын ынталандыру критерийі әзірленді. Атап айтқанда, жоба көшбасшылары қызмет түріне байланысты 2 аптаның ішінде нысандағы тіркеу саны бойынша анықталады», – деді министр бүгін Үкімет отырысында.
Оның атап өтуінше, бұл әдіс елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескеретін болады.
«Ashyq жобасының көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты мен шарттары бойынша қосымша жеңілдіктер алады. Сонымен қатар Ashyq жобасына туристік сала нысандарын, білім орталықтарын, балаларды сауықтыру ұйымдарын қосу мәселесі пысықталып жатыр», – деді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓