Амангелділіктерге тамаша тарту

Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күніне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Амангелді ауданы орталығында жабық бассейн мен спорт-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Рәсімге Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, аудан әкімі Талғат Карбозов, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақов, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов және еңбек ардагері, аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі бассейн құрылысына атсалысқан бірнеше азаматқа Алғыс хат табыс етті. Тұсаукесер рәсімі Сапар Ысқақұлы мен Есімова Бахыт Амангелдіқызына берілді.
Жобаны қаржыландырушы – меценат, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақұлы. Құрылысқа 120 млн теңге жұмсалған. Бассейн ұзындығы – 25 метр, ені – 8 метр. Жалпы ауданы – 920 шаршы метрге тең.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓