АГРОӨНЕРКӘСІП ТҰРАҚТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Елбасы жолдауында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру міндеттелген болатын. Осы мақсатта облыстың  ауыл шаруашылығы саласында қыруар жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері агросектор 72,2 млрд тенгенің өнімін шығарды. Болжам бойынша, желтоқсан айына дейін жалпы құны 404 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы тауары шығады.
           
АӨК техника паркін жаңарту
 
Агроөндіріс кешенін дамыту және шаруашылықтардың еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауылшаруашылық құрылымдарында техника паркін жаңалау жұмыстары жанданып келеді.  Жыл басынан бері өңір шаруашылықтары су жаңа 155 трактор, 35 комбайн, 38 әмбебап дән сепкіш кешен, 240 тіркемелі және аспалы техникалық құрылғымен толыққан. «Қазагрофинанс» АҚ арқылы ғана биыл ауылшаруашылық кәсіпорындары 2,7 млрд теңгеге 130-дан астам техника сатып алып отыр.2
 
Алқап жұмыстары
 
Қазір шілденің ыстығына қарамастан, дихандар алқап басында. Егін күтімімен айналысып жатыр. облыс шаруашылықтарында арам шөпке қарсы 3.4 млн га, шегірткеге қарсы 89 млн га егін алқабы өңдеуден өткен. Шабындық жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін өңірде 800 мың тоннадай шөп азығы дайындалды.
Сала мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда егіс алқаптарының  жағдайы қалыпты. Ешқандай қауіп байқалмайды. Дегенмен соңғы бір-екі апта тұрып алған аптап ыстық астықтың ойдағыдай пісіп-жетілуіне кері әсерін тигізеді. Қазір өңір алқаптарында 4048 мың гектар бидай дақылы өсіп тұр. Оның 3093 мың гектар, яғни 76%-інекөңіл тояттарлық. Ал 940 мың гектар немесе 23% егін қанағаттанарлық жағдайда. 14 мың гектар алқап төменгі көрсеткішке ие. Бұл – 0.3%.
Биыл облыста 426 мың гектар майлы дақыл егілген. Оның 79%-і, яғни 337 гектары қазір жақсы өсіп келеді. 20% немесе 85 мың гектар орташа,  қанағаттанарлық жағдайда.  4 мың гектар майлы дақылдың  өсім көрсеткіші төменгі деңгейде.  Бұл өңірдегі барлық майлы дақыл алқабының 1%-і болады.3
 
Мал шаруашылығы
 
Бүгінде облыста 508,6 мың бас ірі қара бар.  Оның 220,7 мыңы  – сиыр малы. Жылқы саны – 114,4 мың. Қамбар ата түлігі өткен жылмен салыстырғанда, 5,6% өсті. Өңір шаруашылықтарында бүгінге дейінгі санақ есебі бойынша, 510,6 мың ұсақ мал, 4244,8 мың құс бар. Енді ұсақ мал былтырғымен салыстырғанда, 2%-ке көбейген, ал құстың саны,керісінше,1,2%-ке кеміп отыр.4
Жыл басынан бері 42,7 мың тонна ет, 162,8 мың тонна сүт өнімдері, 261,6 млн жұмыртқа өндірілді. Биыл еттің өндіріс көлемі 4%-ке, сүттікі 6,4%-ке, жұмыртқанікі 4,3%-ке артқан.5
 
Бордақылау алаңы
 
Облыстың бірінші деңгейдегі бордақылау алаңдарына 3411 бас ірі қара малы сатылып алынды. Бірінші жартыжылдыққа белгіленген жоспар бойынша 4635 бас еді, соның 74%-і орындалды. Бірінші деңгейдегі бордақылау алаңдарын толтыруға барлық аудандар ат салысты. Бұл бағытта Жітіқара, Меңдіқара, Қарабалық, Науырзым және Федоров аудандары алда келеді. 6
 
Экспорт
 
Облыстың экспорттық әлеуеті едәуір артты. Жыл басынан бері алыс-жақын шетелдерге 1,1 млн тонна бидай, 435,2 мың тонна ұн  саудаланды. Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырып көрсек, биыл бидай мен ұнның экспорты 22%-ке өскендігін байқаймыз. Қостанай астық өнімдері ішкі нарықта да жоғары сұранысқа ие. Соңғы алты ай ішінде республиканың өзге өңірлеріне 332,8 тонна бидай мен ұн жіберілді.   
Биыл облыс 2083 тонна көлемде ет экспорттайды деп жоспарланған. Қазірге дейін сыртқы саудаға 313 тонна ет өнімдері кетті. Бұл енді жалпы жоспардың 15 проценті. Желтоқсан айына дейін бұл жоспар орындалу тиіс.7
 
Мал басын асылдандыру
 
Мал басын асылдандыру жөнінен өңір шаруашылықтары республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Облыста бар ірі қараның (сиыр малы) күні бүгінге дейін 24%-і асыл тұқымды.

Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша биыл 1850 бас сиыр малын, 5000 бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған. Сиыр малын сатып алу бойынша мақсатты индикаторлар аудандарға түгелдей жіберілді. Бүгінге дейін аудандардан жалпы саны 1821 бас ірі қара сатып алу жөнінде тапсырыс келіп түсті. Сатып алатын шаруашылықтардың тізімі де белгілі. Ал асыл тұқымды ұсақ мал сатып алу бойынша Алтынсарин, Қарасу, Федоров  аудандарынан 453 басқа тапсырыс берілді.Безымянный

 
Мал өрісі
 
«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды. Аталған бағдарлама бойынша биыл 33 құдық орнату жоспарда болған. Бүгінге дейін оның 27-сі орнатылды.     
Жалпы алғанда, облыста мал шаруашылығын дамыту жұмыстары ілгерілеп келеді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша біраз шаруа тындырылды.  Биыл бұл мақсатта республикалық бюджеттен 3,1 млрд теңге қаржы бөлінді. 2,1 млрд теңгені «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  арқылы, ал 1 млрд теңге қаржыны «Аграрлық несие корпорациясы»  арқылы беруді жоспарлап қойдық.    Бүгінге дейін 315 млн теңге игерілді.
 
Азық-түлікпен қамтамасыз ету
 
Өңірде азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған көптеген шаралар атқарылды. Жыл басынан бері облысымыздың аудандары мен қалаларында 141 жәрмеңке ұйымдастырылып, 2 мың тоннаның үстінде азық-түлік өнімдері өткізілді. Әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік өнімдеріне қатысты баға тұрақтылығын сақтау жөнінде 707 меморандумға қол қойылды. Азық-түлік өнімдерін өңдеуші кәсіпорындармен бағаны белгіленген шектен тыс  көтермеу жөнінде 292 келісім-шартқа отырдық. Тұрақтандыру қорында жалпы сомасы 647 млн теңге болатын 4,7 мың тонна азық-түлік сақталып тұр.
 
Өңдеу саласы
 
Қостанай облысында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын 300-ден астам кәсіпорын бар. Олар жыл басынан бері жалпы сомасы 79,8 млрд теңгенің өнімін шығарды. Әрине, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Шамамен 12% жоғары. Биыл, әсіресе, ет және сүт өнімдері, оның ішінде сары май, ірімшік, йогурт өндірісі аса қарқынды. Өсімдік майын өндіру де жоғарғы көрсеткішке ие. 
Инвестиция
 
2018 жылы жалпы құны 12,6 млрд теңге болатын 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 560 адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Бүгінге дейін жалпы құны 3 жарым млн теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, пайдалануға берілді. Қалған 7 жоба жыл соңына дейін қосылады.
 
Мемлекеттік қолдау
 
Әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда, әсіресе, мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Жыл сайын көктемгі дән себу және күзгі жиын-терін науқандарына мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп келеді. Биыл «Аграрлық несие корпорациясына» жеңілдетілген несие алуға 330 өтініш келіп түскен. Оның барлығы қанағаттандырылды. 12,9 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. Биыл өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға 29 млрд теңге демеу қаржы бөлінген. Бұл субсидияларды әр сала бойынша жіктейтін болсақ, егін шаруашылығына 10,9 млрд теңге, мал шаруашылығына 5,3 млрд теңге, қалған салаларға 12,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Бүгінге дейін 9,6 млрд теңге игерілген.1
 
Нұрқанат Құлабаев
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓