Дәстүрлі форматқа ораламыз

2021-2022 жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуы халықтың вакцина алуына байланысты. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
"Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүрістұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, ол балалар да, мұғалімдер де білім берудің дәстүрлі форматына тезірек оралуды қалайтындығын баса айтты.
"Бірақ, барлығы өзімізге, бүкіл қоғамға байланысты болады. Вакцинация қарқынына, бүгінде мемлекет қабылдап жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға орай келесі оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенемін. Тағы да айтамын, барлығы өзімізге байланысты", – деді министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓