Білім жарысы басталды
Еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектер үшін кіріккен емтихан жоғары оқу орнына түсу мен мектепті біріу емтихандарын тапсыру яғни Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ республикамыздағы барлығы 165 Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде 2-10 маусым аралығында өтеді. Үстіміздегі жылы мектеп түлектері соңғы рет Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын болады, өйткені келесі жылдан бастап мектеп бітіру мен жоғары оқу орнына түсу емтихандары деп тестілеу екі кезеңге бөлінеді.
Ал, енді үстіміздегі жылы еліміз бойынша ҚР Білім және ғылым министірлігінің мәліметі бойынша мектепті 121092 оқушы бітіріп отыр, соның ішінде олардың 63025-і- қазақ тілінде, 23973-і орыс тілінде оқыту мектептерінің түлектері ҰБТ тапсырады.
Үстіміздегі жылғы ҰБТ-дің ерекшелігі сол, талапкер түлектердің жоғары білім алуға қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында шекті деңгей 50 балл жинай алмаған бітірушілер тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады, бірақ ақылы. Олар төрт пән бойынша, оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен емтихан тапсырады.
Сол секілді ҰБТ тапсыру пунктері әдеттегідей қажетті металл іздегіштермен, ұялы телефондардың, wi-fi, 3G, 4G сигналдарын тұншықтыратын құрылғылармен, бейнебақылау камералары сияқты техникалық құралдармен жабдықталған.
Біздің облысымызда мектеп түлектері үшін ҰБТ маусым айының 3,4,5-де өтеді.
Гүлназым САҒИТОВА