Тазалық – басты назарда
Әулиекөл ауданында санитарлық тазалық жұмыстары әлі де жалғасуда. Село әкімі Серік Смағұловтың айтуынша, ауданішілік көшелер мен аулаларды ретке келтіру жұмыстарына аудан тұрғындары белсене жұмылуда. Бірнеше апта ішінде жеке аулалар мен өндірістік нысандардан 2 мың текше метрден астам қалдық шығарылды. Мәселен, Лаврентьев және Новонежин ауылының тұрғындары жылдар бойы жиналып қалған көң үйінділерді шығаруға кірісті. Сондай-ақ, екі ауыл арасындағы жол бойынан да 160 қап қоқыс жиналды.
Ауылдарды абаттандыру жұмыстары да белсенді қарқынмен жүргізілуде. Қоғамдық жұмысшылар ағаштарды әктеп, электр беру тіректері мен аялдама павильондарын сырлап ретке келтірді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға 15 адам тартылған көрінеді.
Көшелердегі құдықтарға хлорлау жұмыстары да жүргізілді. Жалпы, село ішінде тұрғындар пайдаланып отырған бес құдық бар. Қазіргі уақытта Новонежин ауылында жалпы құны 900 млн теңгеден асатын орталық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жаба үш жылға есептелген.
Бексұлу Ислам,
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің 2 курс студенті.