Су құбырларын жөндеу жалғасады
Қостанай қаласының су құбырларының 82% тозығы жеткен. 2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 505 км.астам құбырлардың 200 шақырымнан артығы жаңартуды қажет етеді.
«Қостанай су» коммуналдық кәсіпорының техникалық қызмет пунктінің инженері Лариса Сапрыгинаның айтуынша биыл екі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары жалғаспақ. Қазір құрылысқа кірісу үшін алдын ала дайындық жүріп жатыр. Ағымдағы жылы Баймағанбетов пен О.Досжанов көшелері аралығындағы су құбырларын жаңарту жұмысы жалғасын таппақ. Сонымен қатар техникалық су тазарту құрылысына дейінгі гидрожелі жаңасына ауыстырылады. Су тарту құрылысының 2 желісіне жөндеу жүргізу көзделген. Бұл құбырлардың Амангелді елді-мекенінен 1 көтерілімге дейінгі бөлігі.
Лариса Сапрыгинаның сөзіне сүйенсек, қала бойынша су тоқтату тек ескі құбырдан жаңа құбырға қайта қосу кезінде ғана болмақ. Қостанайлықтарды ұзақ уақытқа ауыз сусыз қалдырмайсыз деп сендіріп отыр коммуналдық қызмет маманы.
Махаббат Бекбай